Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
13 желтоқсан 2017
  • 21
  • :
  • 18
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады26.10.2017
Государство  17:07
Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетініӊ Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетініӊ Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздіӊ басшылығыӊызбен Қытай Коммунистік партиясы елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтыӊ әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.

Сізге достас Қытай мемлекетініӊ халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еӊбегіӊізге сәттілік тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздыӊ достығы нығая түсетініне сенім білдіремін", - делінген жеделхатта.

Соӊында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқыныӊ өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.
Просмотров: 4177

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter