Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 05
17:00

Өӊдеу өнеркәсібініӊ ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ - Нұрсұлтан Назарбаев17.10.2017
Государство  17:50
Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудыӊ маӊыздылығына назар аударып, олардыӊ орындалуыныӊ аралық қорытындылары жөнінде айтты.

- Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теӊгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соныӊ арқасында 100 мыӊнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теӊгеніӊ өнімін берді. Бұл - еліміз үшін аса маӊызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімніӊ 500 түрін шығарамыз, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудыӊ нәтижелеріне назар аударды.

- 2010 жылдан бері республикалық маӊызы бар 5 мыӊ шақырым жолдыӊ құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 шақырым жол іске қосылады. Қазір республикалық автомобиль жолдарыныӊ 85 пайызы жақсы күйде. Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасы және Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Бейнеу - Шетпе, Көкшетау - Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы еӊ ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мыӊ адам тартылды. Бұл ретте, барлық құрылыс материалдарыныӊ 90 пайызы Қазақстанда жасалған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті "Құрық" теӊіз порты мен "Қорғас" шекара маӊы ынтымақтастығы халықаралық орталығыныӊ экономикалық маӊыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оныӊ аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.

- 9 облыста тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық бағдарламалар халықтыӊ тұрмысын жақсартуға арналған. Жинақтағанымыздыӊ бәрін қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағыттадық, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті министрліктіӊ басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

- Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздыӊ әртараптығын қамтамасыз ете алмай отыр. Өӊдеу өнеркәсібініӊ ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз экономикалық және әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға толық жауаптысыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытып, Қазақстан халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Соӊында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Просмотров: 1724

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter