Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2017
  • 25
  • :
  • 47
17:00

СҚО әкiмi тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды13.09.2017
Государство  17:38
Петропавловск. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мамлют ауданыныӊ ауылдық округтерiнде болды.

Өӊiр басшысы Дубровное ауылдық округi орталығыныӊ көркейтiлуiмен, фельдшерлiк-акушерлiк қосынныӊ дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлуiмен танысты.

"Ауылдық округке не өзгерiп жатқанын көру үшiн келдiк. Елiмiзде, оныӊ iшiнде облыста өзгерiстер болып жатыр, сондықтан ауылдық округте де өзгерiс болуға тиiстi", - дедi облыс әкiмi.

Содан кейiн С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебiнде ауылдық округтiӊ актив өттi. Ауылдық округтiӊ әкiмi Галина Швецова 9 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудыӊ қорытындысы туралы айтып бердi.

"Басты мiндеттердiӊ бiрi - тұрғындардыӊ өмiр сапасын көтеру және кедейлiк деӊгейiн төмендету. Округте 4 елдi мекен, 540 үй және 1653 тұрғын бар. 2017-2019 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына 46 адам қатысты. Жалпы 984 адам еӊбекке жарамды, соныӊ 538-i ғана жалдау бойынша жұмыс iстейдi", - дедi Галина Сергеевна.

Ақпаратты тыӊдай келе, өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов жергiлiктi атқарушы органныӊ жұмысын сынға алды.

"Мен бұл кездесуде келесi жылы тұрғындардыӊ кiрiсiн қалай ұлғайтатындығы туралы естiгiм келiп едi. Iстiӊ нәтижесi болуға тиiс. Ауылдық округтiӊ әкiмi сол жайлы бiлiп, кәсiпкерлермен қоян-қолтық жұмыс iстеуi керек. Қазiр қанша алып отырмыз, ертеӊ қанша алатынымыз жөнiнде нақты санды ести алмадым. Өкiнiшке қарай жалпылама сөз. Әӊгiмеден, еӊ бастысы болашақта ненi ұлғайтатындығымызды бiле алмадым. Шаруашылықтыӊ екi басшысы сөйледi - олар бiршама iрi кәсiпорындар. Округ әкiмi де басты - тұрғындардыӊ кiрiсiне тоқталған жоқ. Бүгiн өмiрдi жақсарту мен жердiӊ әлеуетiн арттыру үшiн, бiрлесе не iстейтiндiгiмiздi түсiнуiмiз керек. Малды қалай көбейтетiндiмiз жөнiнде де ештеӊе естiмедiм. Мал көбею үшiн қалай көмектесемiз? Шынын айтқанда, бүгiнгi әӊгiмеге көӊiлiм толмады. Аудан басшысына жиналып, тиiстi жұмыс атқаруды тапсырамын. Жағдайға әсер ету керек", - дедi облыс әкiмi.

Активтен кейiн өӊiр басшысы интернатта тұратын оқушылармен кездестi.

"Мемлекет сiздердi бiлiммен қамтамасыз етуi тиiс. Тұру үшiн, бiз тиiстi жағдай жасаймыз. Сiздiӊ пiкiрiӊiз бойынша ненi жақсарту керектiгiн бiлгiмiз келедi. Мүмкiн қосымша үйiрмелер мен құралдар қажет шығыр", - дедi балаларға Құмар Ақсақалов.

6-сыныптыӊ оқушысы Даниил Куклицкий барлық оқушылардыӊ атынан интернатқа жаӊа теледидар, компьютер және жиһаз керектiгiн айтты. Әкiм өз кезегiнде осы мәселенi шешетiндiгiн айтып, балаларға үздiк жаӊа оқу жылын тiледi.

Жұмыс сапарыныӊ келесi пунктi Ленин ауылдық округiнiӊ орталығы болды. Онда өӊiр басшысы тұрғындармен кездестi. Ауылдық округтiӊ әкiмi Бүркiтбай Самұратов қалыптасқан жағдай туралы айтып бердi.

"Бұл ауылдық округке Ленин, Октябрь, Дачное ауылдары қарайды. 2017-2019 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына 8 адам қатысты", - дедi Бүркiтбай Самұратов.

2016 жылы елiмiздiӊ жұмыс күшi көп өӊiрлерiнен 3 отбасы, биыл 13 отбасы көшiп келiптi. Активтен кейiн облыс әкiмi қоныс аударғандармен кездестi. Олар жаӊа жер, жұмысқа орналасу және болашақ жоспарлары туралы айтып бердi.

Өӊiр басшысы ауылдыӊ жаӊа тұрғындарына бақшамен айналысуды ұсынды.

"Техникасыз астықпен айналысудыӊ қажетi жоқ. Қиын болады. Бақшамен, көкөнiс өсiрумен айналысыӊыздар. Бiзде көкөнiс те жақсы шығады. Өз шаруащылықтарыӊызды көтергеннен кейiн дақылдардыӊ басқа түрлерiн де қолға алуға болады", - дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарыныӊ соӊғы орны Новомихайловка ауылы болды. Онда да облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жергiлiктi тұрғындармен кездестi.

Ауылдық округтiӊ әкiмi Берiк Құрымбаевтiӊ сөзiне қарағанда, тұрғындардыӊ өмiрлiк қызметi аграрлық сектор мен мал шаруашылығына байланысты. "Ауылдық округке 5 елдi мекен қарайды, тұрғындар саны - 2047. 1-шi жартыжылдықтағы орташа еӊбекақы 93003 теӊгенi құрады. 5 iрi агроқұрылым мен 7 жеке кәсiпкер мал шаруашылығымен айналысады. Үстiмiздегi жылы мал шаруашылығына 30 млн. 571805 теӊге, өсiмдiк шаруашылығына 70 млн. 458720 теӊге жәрдемқаржы алынды", - дедi Берiк Құрымбаев.

Облыс әкiмiнiӊ орынбасары Асқар Сақыпкерев өз ойын ортаға салды.

"Тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететiн мал басын көбейту мүмкiндiгi бар. Округте 1301 адам бар, оныӊ 400-i өзiн-өзi қамтамасыз ететiндер. Оларды жұмысқа тарту керек", - дедi Асқар Жоламанұлы.

Ол ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату маӊызды мәселелердiӊ бiрi екендiгiн атап айтты.

"Бiз 3 ауылдық округтi аралап шықтық. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен бiрлескен жұмыс жүргiзiлдi. Өздерi тұратын елдi мекендерге тапқан ақшаларын салатын бұл әлеуметтiк жауапкершiлiктi бизнес", - дедi аудан әкiмi Ерболат Бекшенов. Бұдан басқа, аудан әкiмi сүт кешенiн салу және егiстiк алқаптарды әртараптандыру жөнiнде жоспар бар екендiгiн айтты.

"Новомихайловское 2003" ЖШС-нiӊ директоры орақ науқаныныӊ барысы жайлы баяндады.

"Шаруа қожалықтарыныӊ қосылуы есебiне егiстiк алқабы 14 мыӊ 200 гектарды құрайды. Мемлекеттiӊ үнемi қолдауы арқасында өткен жылы 95,9 млн. теӊге, биыл 58,4 млн. теӊге демеуқаржы алдық. Қазiр шаруашылықта 7 мыӊ 301 гектар дәндi дақылдар бар, ол дақылдардыӊ 80 пайызы. 1040 гектар рапсты (12,1 ц/га), 1021 гектар арпаны (12,5 ц/га), 145 гектар бұршақты, 125 гектар қарақұмықты толық жинап алдық. 1913 гектар бидайды және 100 гектар зығырды жинау қалды", - дедi шаруашылық басшысы.

"Құнарлы жерлер бар, бiрақ нәтиже ала алмаймыз. Өйткенi технология, жердi күту жоқ. Оныӊ үстiне барлық әлеует қолданылды деп есептемеймiн. Бiздiӊ елiмiз де, облыс та дамып жатыр. Осындай ауылдар базалық шаруашылық, сондықтан басқаларға үлгi көрсетуi керек", - дедi облы әкiмi.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында тұрғындармен және агроқұрылым басшыларымен қайта кездесудi, болашақтағы жоспарларды талқылауды аудан әкiмi Ерболат Бекшеновке тапсырды.
Просмотров: 1420

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter