Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 маусым 2017
  • 21
  • :
  • 55
17:00

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ барлық 13 ауданыныӊ әкiмдерi жаӊадан тағайындалған өӊір әкiміне есеп берді15.03.2017
Государство  19:31
Петропавловск. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысына жаӊадан тағайындалған әкiм Құмар Ақсақалов жұмысыныӊ алғашқы күнiнде өӊiрдiӊ барлық 13 ауданыныӊ әкiмдерiн жеке-жеке қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Әкiмдер өӊiр басшысына 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап, сенiп тапсырылған аумақтарды одан әрi дамыту бойынша жоспарларын айтып бердi.

Өӊiрдiӊ басшысы алдағы таяу уақытқа жұмыстыӊ басымдықты бағыттарын белгiлеп, барлық басшылар мен әкiмдердiӊ жұмысы олардыӊ қызметтерiнiӊ нәтижесiн халық күнделiктi сезiне алатындай түзiлуi тиiстiгiн атап өттi. Бұл сындар облыстыӊ әрбiр басшысына бағаны қалыптастыру кезiнде негiзге алынатын болады.

"Теӊселе басып жүруге уақыт жоқ. Нақ осында және дәл қазiр iске көшу қажет. Айналаны өзгерте отырып, бiр мезгiлде өзiӊ өзгеруiӊ қажет", - дедi облыс әкiмi.

"Өз-өзiӊдi жетiлдiру, дамыту қажет, ескiрген стереотиптерден арылып, уақытпен бiрге аяқ басу керек. Жаӊа уақыт түйiткiлдi мәселелердi шешуде инновациялық жолдарды қажет етедi. Бұл басты талап. Бұл ретте, үздiк әлемдiк стандарттар мен тәжiрибелерге сүйену керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, ол шенеунiктердi қоғамдық бақылау мен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiӊ ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

Сонымен қатар, айналада болып жатқан үдерiстерге жаӊаша көзқарастарды қалыптастыру қажеттiгiне көӊiл бөлдi.
Просмотров: 2253

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter