Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
15 желтоқсан 2017
  • 12
  • :
  • 26
17:00

Сот "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ныӊ басшысын 2 айға қамауға алуға санкция берді09.01.2017
Государство  18:57
Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Сот "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ныӊ басшысын 2 айға қамауға алуға санкция берді.

Апелляциялық сот алқасы "БЖЗҚ" АҚ басшыларыныӊ кепілдікке босату туралы шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, Алматы қаласыныӊ Алмалы аудандық соты "БЖЗҚ" АҚ төрағасы Руслан Ерденаевқа, "БЖЗҚ" АҚ тәуекелдерді басқару департаментініӊ басшысы Мұса Бақытовқа, "Алатау Мұнай Алтын" АҚ бақылау кеӊесініӊ төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, "Бузгул Аргум" ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын.

Күдіктілердіӊ қорғаушылары қалалық соттыӊ апелляциялық коллегиясына шешіммен келіспейтіндігін айтып, топтық шағым түсірген еді.

"Аппеляциялық алқаныӊ судьясы шағым түсірушілердіӊ арызын қарай отырып оны қанағаттандырмау туралы шешім шығарды", - деді қалалық соттыӊ ақпаратпен қамту бөлімініӊ басшысы Диас Махамбетов.

Енді жоғарыда аталған тұлғалар 2 айға қамауға алынып, тергеу амалдары біткен соӊ сот алдында жауап беретін болады.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Алматы қаласындағы департаменті "БЖЗҚ"-ныӊ құны 5 млрд теӊге болатын келісім-шартын тексеріп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189 бабыныӊ 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктіӊ қатысуымен "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ныӊ әрекеті тексеріліп жатыр. Тексеру БЖЗҚ акционерлерініӊ өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр.
Просмотров: 1812

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter