14.02.2024, 14:29 28926

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді

Жоспарланып отырған келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді
Сурет: Akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президентін Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны