14.05.2024, 17:45 38271

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды

Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде
Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде.

Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.


 Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны