13.03.2024, 15:41 36561
Қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелер кеңінен қолданылуы керек - Тамара Дүйсенова
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелерге арналған республикалық семинарға қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Шараға еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар қатысты. Семинар аясында оларға қосымша білім беру саласындағы үздік тәжірибелер ұсынылды. Еліміздегі жан-жақты даму орталықтары техникалық және цифрлық сауаттылықтан бастап, балалардың көркемдік-эстетикалық дамуына және олардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға дейінгі әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 10 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланған. Бүгінде елімізде 1 600-ден астам мектептен тыс ұйым бар, онда үйірмелер мен секциялардың 380-ге жуық түрі жұмыс істейді. Оларға 3 млн-нан астам жас қазақстандықтар қатысады.
Республикалық семинарға қатысушыларды қабылдаған Sana орталығында 45 секция мен үйірме жұмыс істейді. Балаларға 100-ге жуық мұғалім әртүрлі пәндерден сабақ береді. Тамара Дүйсенова орталықтың жұмысына және мұнда ұсынылған тәжірибелерге оң баға берді.
Жаңа заман тек білімді ғана емес, оны күнделікті өмірде қолдана білуді де қажет етеді. Сондықтан педагогикалық қоғамдастық білім беру сапасын арттыруға бағытталған Ұлттық баяндама жобасын дайындады. Онда баланың тұлға ретінде дамуына ерекше назар аударылады. Бұл істе мектеппен бірлесіп, балалардың жан-жақты дамуына үлес қосатын қосымша білім беру орталықтары маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта бізде керемет тәжірибелер бар, енді басқа орталықтарға үздік тәжірибені кеңінен тарату міндеті тұр", - деді Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.05.2024, 17:54 2946
Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар
Достарға айту
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді. 2023-2024 оқу жылының аяқталуында "Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.
Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2024, 17:45 10181
Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды
Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде
Достарға айту
Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде.
Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.05.2024, 11:32 16161
"Үздіктен үйрен" бейнежобасы аясында 46 бейнематериал жарияланды
Достарға айту
2023 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасымен "Үздіктен үйрен" бейнежобасы жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның барлық қатысушылары "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары болып табылады. Олар жобада өздерінің оқыту әдістемелерімен, іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Қазіргі уақытта 46 бейнематериал жарияланды, биылғы жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам түсірілім жүргізу жоспарлануда. Бейнематериалдарды BILIM 4.0 youtube-арнасынан көруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:07 24036
Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар
Достарға айту
Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Жан Даутов - Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Әмірлан Аманжолов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Мирон Юркевич - Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Марғұлан Шарел - Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;
Әмір Сахипов - Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.
Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 09:45 33846
Білім министрлігі Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтетіні туралы мәлімдеме жасады
Достарға айту
2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады" - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі "Алтын белгімен" марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді. Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 16:18 39131
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобалары қалай жүзеге іске асады
Достарға айту
Еліміздегі ғылыми жобаларды іріктеумен "Самғау" ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы" қоры да айналысады, ол "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына кіреді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Бұл ретте Қордың ғылыми ізденістерін қаржыландыру үшін өтінім мен қажетті құжаттардың толық пакеті қабылданады.
Әрі қарай жоба валидациядан және тіркеуден өтеді. Әрі қарай ғылыми ізденіске талдау жасалып, оны іске асыру шығындары есептелінеді.
Сондай-ақ, сарапшылар жобаның экономикалық тартымдылығына талдау жасайды, содан кейін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.04.2024, 18:37 45991
Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
2024-2025 жылдары "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану", "Гидротехникалық мелиорация" және "Гидротехникалық құрылыс" және т. б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда.
Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану" мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз", - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.04.2024, 22:30 47711
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Қырғызстанның білім және ғылым министрімен кездесті
Достарға айту
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қырғызстанның білім және ғылым министрі Догдоркул Кендірбаевамен кездесу өткізді. Тараптар білім саласындағы екіжақты серіктестікті талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ғани Бейсембаев инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол осы жылы 536 мың оқушы орны пайдалануға берілетінін, оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" жобасын атап өтті. Сонымен қатар, педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру, "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында жаңа буын менеджерлерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Біз бауырлас халықтардың тамыры тереңге бойлаған тарихына құрметпен қараймыз және екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру бастамасын құптаймыз. Бұдан бұрын білім саласының кейбір аспектілерін әлем тұрғысында дамыту туралы әңгімелескен болатынбыз. Бұл мәселеде біздің пайымымыз ортақ мақсатқа тоғысады, ол балардың білім алуы үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Өз кезегінде Қырғызстанның білім және ғылым министрі білім саласын дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады және Қазақстанның білім жобаларына қызығушылық танытты.
Қазақстандық білім жүйесінің тәжірибесін алу мақсатында екі елдің қос бағынысты ұйымдарының арасында педагогикалық кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі кездесу бұл ынтымақтастыққа қосымша серпін береді және біз оны тереңдету мен кеңейте түсетін шешімдер қабылдаймыз деп сенемін", - деді Догдуркул Кендірбаева.
Кездесу соңында екі ведомство басшысы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім салаларында өзара әріптестікті күшейту туралы шешім қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
23.05.2024, 12:11Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді 23.05.2024, 12:26 4586АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 12:53 3906Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:45 1146БҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды23.05.2024, 11:53 1091Атырау облысының Махамбет ауданында бөгет бұзылды: тұрғындар эвакуациялануда
16.05.2024, 17:53 109231Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 16:44 108831Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады16.05.2024, 17:43 107761Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды18.05.2024, 12:47 92146Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы17.05.2024, 11:24 89531Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
24.04.2024, 18:17 158486Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156786Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153776Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:19 132211Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады25.04.2024, 12:37 130516Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі