19.04.2024, 11:03 102671

Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған

Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінде қалада сауда қызметін реттеу туралы Заңға сәйкес 33 базар жаңғыртылды, тағы 9-ында 2025 жылға дейін жұмыс аяқталуға тиіс.

Алматы-1" базары 1938 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауданы 7 мың шаршы метр, онда жылыту және инженерлік желіге қосылмаған контейнерлік типтегі 570 сауда нүктесі бар. Өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында салынған базар ғимараттары тозған және қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді.


Базарды жаңғырту аясында саудагерлер мен келушілер үшін соның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтауға және жылумен қамтамасыз етуге арналған тоңазытқыш камералары үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ жобада лифттер, эскалаторлар, жер асты және жер үсті автотұрақтар, мейрамхана ауласы, жаяу жүргіншілер аймағы және т.б. көзделген.

Бүгінде бірінші корпустың бірінші және екінші қабаттарының металл қаңқасы тұрғызылды. Еден аралық бетон құю аяқталды. Қазіргі уақытта баспалдақ салынып жатыр. Автономды газ қазандығын монтаждау жұмыстары басталды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, саудагерлер контейнерлерден көшірілетін бірінші корпустың құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

Жалпы, кешенге азық-түлік және киім-кешек базарлары, жалға алушыларға арналған ойын алаңдары, мейрамханалар, әкімшілік бөлім, халыққа қызмет көрсетуге арналған басқа да аймақтар, тиеу-түсіру кіреберістері, жер асты паркингі кіреді. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеден асады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны