08.01.2024, 14:25 45011

Қазақстанда қамауға алынған отбасылық дебоширлер саны екі есеге артты

Өткен жылдың екінші жартысында 50 мың өтініш қаралып, 30,6 мың материал бойынша әкімшілік іс қозғалған
Қазақстанда қамауға алынған отбасылық дебоширлер саны екі есеге артты
Сурет: Depositphotos
Өткен жылы отбасына жәбір көрсету ісі бойынша әкімшілік қамауға алынған айыптылардың саны артса, татуласқан отбасы саны 27 мыңнан асқан, деп хабарлайды Кazinform.

Отбасылық зорлық-зомбылық көрсету фактісі тіркелген соң әкімшілік іс қозғалады. Бұл ретте құқық бұзушының сотта бір рет қана татуласуға құқығы бар. Соңғы құқықтық бағалауды сот шешеді", - деді Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров ведомствода өткен брифингіде.


Министрлік деректеріне сүйенсек, өткен жылдың екінші жартысында 50 мың өтініш қаралып, 30,6 мың материал бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Дегенмен әкімшілік қамауға алынған айыптылардың саны 2 есе артып отыр. Одан бөлек, сот арқылы 27 мыңнан астам отбасы татуласты. Айта кетсем, барлық өңірде тәулік бойы "111" және "150" нөмірлі жедел желісі жұмыс істеп тұр. Қоңырау шалған адамға кеңес беріліп қана қоймай, қолдау да көрсетіледі", - дейді спикер.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны