29.03.2024, 10:14 39201

БҚО-да су тасқыны қаупі төнген аудандардан 500 адам эвакуацияланды

455 тұрғын үйді су басты
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖД, ЖАО 953 адамы, 411 техникасы жұмылдырылды.
Облыс бойынша 351 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 21440 дана инертті материалдары бап қаптар төселді.

Барлығы 455 тұрғын үй, 5 көпқабатты тұрғын үйдің жертөле үй-жайлары, 17 әлеуметтік нысан су астында қалды.

Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы Қаратөбе ауданында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Қоржын ауылындағы ауылдық мектепке 350 адам эвакуацияланды. Ақсу кентінде 46 үйден 150 адам эвакуацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны