28.03.2024, 20:13 47386

Нөсер жаңбырға байланысты Алматының барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Нөсер жаңбырға байланысты Алматының барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Сурет: gov.kz
Нөсер жаңбырға байланысты Алматының барлық коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда 28 наурыз күні кешке басталған өткінші жаңбыр нөсерге ұласты, бұл наурыз айында орташа айлық норманың 28%-ы. (72 мм).

Судың арық арқылы кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада шықты, оның ішінде "Алматы Тазалық" кәсіпорнының 33 бригадасы бар.

Кезекші бригадалар су басуға бейім учаскелерге уақытылы шығарылды. Құлаған ағаштар дереу тазаланады.

Кезекшілікке барлығы 344 бірлік арнайы техника, 21 мотопомпа және 163 жұмысшы шықты. Қосымша 2 300 қап құм дайындалды.

Алдағы күндері ауа-райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне көлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынын болдырмау үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырмауды сұраймыз.

Қандай да бір аумақты су басса, жедел ден қою шараларын қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 нөміріне хабарлама жазыңыздар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны