Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 маусым 2018
  • 08
  • :
  • 39
17:00

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы FIFA 2018 әлем чемпионатыныӊ ашылу салтанатын ашық аспан астында көрсететін болады13.06.2018
Спорт  18:36
Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - 14 маусым күні сағат 19:30-да "Қазақстан" РТРК АҚ ұйымдастыруымен Қазмедиаорталығыныӊ Нұржол бульвары жағынан үлкен экранда FIFA -2018 футболдан Әлем чемпионатыныӊ ашылу салтанаты мен Ресей-Сауд Арабия арасындағы алғашқы ойын көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, матч көрсетілімі басталар алдында "Астана" футбол клубыныӊ ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Еӊ белсенді деген жанкүйерлерге футболшылардыӊ қолтаӊбасымен доп сыйға берілетін болады. Көрермендерді одан басқа да қызықты байқаулар күтіп тұр.Футбол кешініӊ жүргізушілері Жансерiк Бейсеев пен Виктор Кирилюк.

Айта кетейік, 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өтетін болады. ФИФА-ныӊ 21-ші әлем чемпионаты Ресей Федерациясыныӊ: Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді.

Ал, FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатыныӊ Қазақстандағы ресми хабар таратушылары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары.

Сондай-ақ, FIFA 2018 әлем чемпионатыныӊ ойындарын AppStore және Play Marketсервистерінен "Qazaqstan TV" мобильді қосымшасын тегін жүктеп, көре аласыздар.
Просмотров: 1747

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter