11.03.2024, 16:47 27486

Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: instagram/kazgymfederation
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен.

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева тұғыр биігінен көрінді.

Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны