07.03.2024, 20:11 32971

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Сурет: KTF
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті.

Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).

Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.

Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.

Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны