12.02.2024, 09:41 50446

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең - 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина бет қаратпады - 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді - 2:2.

Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды - 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ - 6:4.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны