15.02.2024, 20:57 50721

Елена Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина Доха турнирінің ширек финалына өтті
Сурет: ktf
Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетіп, бет қаратпады - 6:1.

Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті - 7:6 (8:6).

Үшінші, шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ - 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны