16.10.2023, 15:37 53056
Отандасымыз шахматтан әлем чемпионы атанды
Сурет: Instagram/drs_kz
Достарға айту
Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен.
Блиц түрінде отандасымыз Ксения Балабаева чемпион атанса, Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Арыстан Исанжулов 3-орыннан көрінді.
Ал рапид түрінде Ксения Балабаева 2-орын, Зейнеп Сұлтанбек 3-орын алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2024, 17:30 10041
Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкурдан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Астана қаласының шабандозы Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынауда. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 16:34 19996
Алматы жартылай марафоны 21 сәуірде өтеді
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді
Достарға айту
2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді. 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады.
Жолды жабу жоспары:
Сөре Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 21:14 27266
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген.
Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2024, 23:00 35771
Елордалық ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды
Достарға айту
Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.
Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2024, 16:47 37831
Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: instagram/kazgymfederation
Достарға айту
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен.
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева тұғыр биігінен көрінді.
Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.
Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2024, 20:11 43466
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Сурет: KTF
Достарға айту
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті.
Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.
Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.03.2024, 15:55 50381
Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2024, 20:26 53641
Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды
Достарға айту
Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Каирда бірінші санаттағы J500 ITF Juniors жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар финалда доданың 2-ракеткалары, сербиялық Теодора Костович - чехиялық Люси Урбанованы қапы қалдырды - 6:1, 7:5.
14 жасқа дейінгілер арасында да қазақстандықтар ерекше көзге түсті. Родион Трайгель Түркияда Tennis Europe Soul Cup турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей сында соңғы бәсекеде грузиялық Зука Кашешвилиді ойсырата ұтты - 6:0, 6:1. Ал Аңсар Ниетқалиевпен бірге жұптық сында болгариялықтар Горгиев - Тзонковтан айласын асырды - 6:3, 7:5.
Темірлан Жантеміров Польшада ТЕ Kozerki Cup by HEAD додасында чемпион атанаса, ал жекелей сында тек финалда ғана фин Адам Напариге жол берді - 3:6, 1:6.
Әмір Омарханов пен Даниал Рахматуллаев Оңтүстік Америкадағы сапарын жалғастыруда. Қазақстандық теннисшілер ITF GSPDF Team құрамында турға шақырту алған болатын. Бұған дейін мұндай додаға Диас Досқараев, Ирина Силютина, Сандуғаш Кенжебаева қатысқан еді. Өткен аптада Асунсьонда J300 турнирінде Әмір жартылай, Даниал ширек финалға дейін жетті. Осы аптада Омарханов пен Рахматуллаев Порту-Алегриде (Бразилия) дәл осындай жарыста бақ сынайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
14.05.2024, 12:392025 жылға қарай Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ 14.05.2024, 12:50 24716Еліміздің туристік аймақтарында инфрақұрылым қамтамасыз етілетін болады14.05.2024, 12:56 24486Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады14.05.2024, 17:19 17866Қазақстанда орман қорының тек 2 пайызы ғана өртті ерте анықтау жүйесімен жабдықталған14.05.2024, 17:29 17626Қазақстанда террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан тексерілді
10.05.2024, 13:16 98071Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді10.05.2024, 13:14 98001Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді10.05.2024, 13:12 97871Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын10.05.2024, 13:05 97666Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді10.05.2024, 13:02 92341Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
24.04.2024, 18:17 157031Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155326Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152311Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149466ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды22.04.2024, 16:42 131451Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады