09.02.2024, 19:33 46336

Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Сурет: KTF
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен жолығысты.

Биыл Рыбакина Бучаны Аделаиде (Аустралия) додасында 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы Елена матчты өте қарқынды бастады - 6:1.

Екінші сетте керісінше испаниялық спортшы брейк жасап, алға шықты - 3:1.

Дегенмен Рыбакина сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, кездесуді жеңіспен тәмамдады - 6:4.

Бір сағат 2 минутқа созылған матчта Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны