10.01.2024, 17:37 44531

Стенд ату: Лицензиялық Азия чемпионатына қатысушылар анықталды

Аталмыш жарыста ел намысын 18 спортшы қорғайтын болады
Стенд ату: Лицензиялық Азия чемпионатына қатысушылар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Стенд атудан 12-22 қаңтар күндері аралығында Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы үлестірілетін лицензиялық Азия біріншілігі өтеді.

Аталмыш жарыста ел намысын 18 спортшы қорғайтын болады.

Сайыста 40 мемлекеттен 500-ге жуық сұрмерген өзара сынасады.

Олардың арасында жазғы Азия ойындары, әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп жүрген Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Эдуард Ещенко, Мария Дмитренко, Айжан Досмағанбетова, Анастасия Прилепина т.б жерлестеріміз бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны