08.01.2024, 14:35 39716

Бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеп келген өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға не істеу керек

МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көп балалы аналар және т.б. босатылады
Бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеп келген өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға не істеу керек
Мемлекеттік кірістер комитеті бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеп келген өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға не істеу керектігі туралы мәлім етті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді", деп атап өтті комитеттен.


Олардың хабарлауынша, МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көп балалы аналар және т.б. босатылады, олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастыра берсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін - патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.

Салық режимін "E-salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.

Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары - 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар - 2975 теңге, МӘМС жарналары - 5950 теңге).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны