26.03.2024, 18:22 45996

Батыс Қазақстанда уәкілетті экономикалық оператордың құқықтары қорғалды

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасымен уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар кәсіпкерлік субъектісінің жүк вагондарын уәкілетті органдармен заңсыз ұстау фактісі анықталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген кезде соңғысы тәуекелдің төмен деңгейі санатына жататынын атап өту қажет.

Экономикалық тергеу саласындағы құқық қорғау органы кеден органымен бірлесіп, Өзбекстаннан Қазақстанға теміржол көлігімен келген кәсіпкердің жүктерін (кептірілген жемістерді) заңды негізсіз ұстау шараларын қабылдаған.

Атап өтетін мәселе, бұрын бұл жүк Түркістан облысындағы "Сарыағаш" кеден бекетімен ешбір заң бұзушылықсыз кедендік ресімдеуден өтіп шығарылған, яғни кедендік бақылауда болмаған.

Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұсталған тауарлар бизнес субъектісіне қайтарылды.

Экономикалық тергеу мен мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлеріне қатысты материалдар шара қолдану үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Бас көлік прокуратурасы
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны