27.03.2024, 14:29 24056

Орал қаласының әкімдігін су басып қалды: қала басшысына қатаң сөгіс жарияланды

Орал қаласының әкімдігін су басып қалды: қала басшысына қатаң сөгіс жарияланды
Сурет: gov.kz
Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны