11.09.2023, 20:12 15311

Президенттің баспасөз хатшысы денсаулығына байланысты қызметінен кетті

Журналист уақыт өткізбей, толық емделіп алу қажет деген шешім қабылдағанын айтты
Президенттің баспасөз хатшысы денсаулығына байланысты қызметінен кетті
Сурет: Akorda
Президенттің баспасөз хатшысы Нұрмұхамед Байғараев қызметінен босатылды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Ол медициналық талап қазіргі қызметін толыққанды атқаруға кедергі келтіретінін атап өтті. Себебі аймақтарға және шетелдерге іс-сапарлар тұрақты түрде болады. Бұл - жиі ұшақпен ұшу деген сөз.

Шыны керек, мұндайды өзім де күтпедім. Жоспар басқаша еді. Өткен аптада кіріскен қызметіме дайын едім. Баспасөз қызметін жетілдіруге, одан әрі ашық етуге қатысты бірнеше идея, бастамаларым бар еді", - деп толықтырды Байғараев.


Журналист уақыт өткізбей, толық емделіп алу қажет деген шешім қабылдағанын айтты.

Осыған орай, президент баспасөз хатшысы қызметін қазір тоқтата тұруыма тура келеді. Басшылық жағдайды түсінді. Түсіністік танытқан барша азаматқа алғыс айтамын", - деп түйіндеді ол.


Естеріңізге сала кетейік, Нұрмұхамед Байғараев өткен аптада, 6 қыркүйекте президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны