23.04.2024, 17:22 71786

Тасқынға қарсы төселген құмқаптар жиналады

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқынға қарсы төселген құмқаптарды экологияға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№" - деп сұрады БАҚ өкілі.


Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құмқаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.

Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны