16.05.2024, 11:01 36911
Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.10.2024, 16:22 13606
ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі 28%-ды құрайды. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес. Көптеген кәсіпорын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда", - деді спикер.
Мүгедектігі бар адамдар сапалы білім алуға қол жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр. Бұл олардың жұмысқа орналасу және әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Мұғалімдердің ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге әдістемелік дайындығының жеткіліксіздігі, арнайы жағдайлар мен бейімделген оқу бағдарламаларының жоқтығы, сондай-ақ үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдаудың жетіспеушілігі байқалады.
Тұжырымдама жобасы аясында арнайы білім беру жүйесін жетілдіру, білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзияны қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде арнайы білім беру ұйымдарында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға арналған ерте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін құру жоспарлануда", - деді ведомство өкілі.
Тұжырымдама жобасындағы негізгі блок кедергісіз орта құруға арналған.
Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің ұлттық стандарттарын өзектендіру және біріздендіру, оларды тіршілік әрекетінің барлық салаларына енгізу үшін тиімді шаралар мен уәждеу жағдайларын жасау жөнінде жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.
Инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімділігін регламенттейтін ұлттық стандарттарды енгізу орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың кедергісіз орта құру жөніндегі жұмыстарды өзектендірудің негізі болып табылады. Мемлекеттік және қоғамдық бақылау артады, оның шеңберінде барлық меншік нысанындағы объектілерді мүгедектігі бар адамдар үшін олар көрсететін қызметтердің қолжетімділігі тұрғысынан тексеру міндетті және тұрақты болады", - деді А.Ертаев.
Еңбек министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарға жобалау құжаттамасының инклюзивтілігін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігі тұрғысынан қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі құзыретті бекіту көзделеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:23 12201
Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдаумен жергілікті атқарушы органдардың жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.
Сонымен, балалар арасында суицид әрекеттерінің көбеюі аясында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары басқаратын Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы оларға жол бермеу бойынша тиісті шараларды қолданбады.
Комиссияның әрекетсіздігі және облыс орталығында тұратын жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының мәселелерін шешуге формальды көзқарасы кәмелетке толмағандардың суицид әрекетін қайталауға әкелді.
Балалар суицидін алдын алу бойынша тиісті бақылаудың жоқтығы және қажетті шараларды уақтылы қолданбағаны үшін прокурорлық қадағалау шаралары арқылы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:09 12786
Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
Достарға айту
31 қазанда сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Қарағанды қаласының "Сары-Арқа аэропорты" жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша "Дабыл-Антитеррор-2024" терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежай аумағында автокөлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:02 13026
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті
Достарға айту
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады.
Кездесуде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ таяу арада жаңа дәрілік препараттар өндірісін іске қосу жоспары таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және оқу бағдарламаларын енгізу маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге қажетті дәрі-дәрмектерді жедел жеткізіп бергені үшін польшалық инвесторға алғыс айтты.
Кездесу соңында Ежи Старак Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі кітап сыйға тартты. Оның біріншісі Polpharma компаниясының демеушілігімен түсіріліп жатқан деректі фильмге арналған. Бұл фильмде Бекет ата, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері, Таңбалы петроглифтері мен Ботай қонысы секілді Қазақстанның киелі жерлері таспаланған.
Екінші кітап - қазақтың белгілі жазушысы, Польшаны басқыншылардан азат етуге қатысқан майдангер Кемел Тоқаев туралы ғұмырбаяндық жинақ. Бұл басылым Польша-Қазақстан тарихы комиссиясының қолдауымен әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2024, 15:33 41691
Балқашта жедел медициналық жәрдем кіші станциясы жаңа жабдықталған ғимаратқа ие болды
Достарға айту
Балқашта жедел медициналық жәрдем кіші станциясы 30 жылда алғаш рет жаңа жабдықталған ғимаратқа ие болды, бұл өңірдің 80 мың тұрғынына шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартады, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.
Қайта құру жылына 30 мың шақырымға дейін қызмет көрсететін алты бригадаға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданаралық ауруханаға 25 жас маман, оның ішінде анестезиологтар, травматологтар және жалпы практика дәрігерлері тартылды. Биыл медицина қызметкерлерінің отбасыларына 130 пәтер берілді, ал көтерме төлем сомасы 1,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сондай-ақ, Балқаш көпбейінді ауруханасы емханасының базасында заманауи диагностикалық жабдықтармен жарақталған алғашқы үздік практикалар орталығы ашылды. Мұнда кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек ұсынылады, сондай-ақ "Халық кеңесі" қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді.
Орталықта медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің симбиозы қамтамасыз етіледі - бұл отбасылық медицина қағидаты. Мультидисциплиналық команда аурулардың себептерін анықтай отырып, әр отбасымен айналысады", - деп атап өтті Балқаш көпбейінді ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков.
Друзья, привет! Представляем наш новый новостной проект на платформе Tik-Tok.
Здесь вы узнаете о самых крутых врачах, лучших технологиях лечения и диагностики, о том, как следить за своим здоровьем, прикрепиться в поликлинике и много других полезных лайфхаков!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2024, 15:30 41941
Биыл 28 жас маман ШҚО-ның шалғай аудандарының медициналық құрамын толықтырды
Достарға айту
Биыл 28 жас маман Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының медициналық құрамын, оның 15-і өте тапшы мамандықтар бойынша толықтырды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.
Енді Тарбағатай аудандық ауруханасында жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматолог және стоматолог жұмыс істейді, олардың болуы ауылдық жерлерде медициналық көмекті жақсарту үшін ерекше маңызды.
Психиатрларды, рентгенологтарды, неонатологтарды, педиатрларды, травматологтарды, онкологтарды, стоматологтарды, кардиологтарды, хирургтарды және анестезиолог-реаниматологтарды қоса алғанда, білікті мамандардың келуі ауылдық денсаулық сақтау әлеуетін айтарлықтай арттырады.
Жас мамандардың келуімен біздің аурухана медициналық қызметтердің сапасын жақсартып қана қоймай, диагностика мен емдеуде, сервис бөлігінде инновациялар енгізуде. Өз жерлестеріне қызмет ету жолын таңдаған жастар - біздің медициналық болашағымыздың негізі", - деп атап өтті Тарбағатай ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков.
Жаңа қызметкерлердің қатарында анестезиолог-реаниматолог Қанат Ақылбеков, Семей медицина университетінің және Ұлттық медицина ғылымдары академиясының түлегі бар. Отанына оралған Қанат атасы, Ақжар ауруханасының бұрынғы басшысы бастаған медицинаға қызмет етудің отбасылық дәстүрін жалғастырды. Командаға сондай-ақ стоматолог Мөлдір Рымханова мен жалпы практика дәрігері Сейтқазы Асылзат қосылды, олар қажетті тәжірибе жинақтап, туған ауылдарының тұрғындарына көмек көрсету үшін оралды.
Шалғай аудандарда жұмыс істейтін жас дәрігерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мамандарды ыңғайлы бейімдеу үшін әлеуметтік жеңілдіктер, көтерме төлемдер және тұрғын үй көзделген, бұл оларға ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңызды міндетіне орналасуға және бейімделуге көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2024, 15:27 42181
Еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы ақпарат
Достарға айту
Қазақстанның оңтүстік облыстарының су қоймалары 55 %-ға толы. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.
Бүгінгі таңда солтүстіктегі су қоймалары 79%-ға толы. Батыс облыстар бойынша су қоймаларының орташа су жинау көлемі 44%. Шығыстағы су қоймалары 89%-ға толы болса, Орталық Қазақстандағы су қоймаларында 85% су бар.
Бүгінгі таңда барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Алайда, жұмыс кестесі су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облыстарға су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2024, 15:20 42581
Алматының Медеу ауданында 38 жыл бойы пайдаланылған құбыр ауыстырылды
Достарға айту
Алматыда Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі, биыл бұл жұмыстар Алматының 6 ауданында өтті. Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервисінде жарияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.10.2024, 16:22ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ 31.10.2024, 15:02 12361Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті31.10.2024, 15:09 12121Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі31.10.2024, 15:23 11536Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды31.10.2024, 11:25 5231Ақтөбеде 200 млн теңгеден астам ақша ұрлаған мектеп бухгалтері сотталды
28.10.2024, 12:08 56946Сарандағы жылу маусымында олқылық жібергендер ескерту алды28.10.2024, 17:17 53486Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады28.10.2024, 17:27 53461"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды28.10.2024, 17:14 53346Әсет Шонов ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды28.10.2024, 17:10 53321Қазақстан мен БАӘ ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күрестегі ынтымақтастықты нығайтуда
24.10.2024, 16:52 136706Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 133376Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 130716Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 126246Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 126126Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді