25.04.2024, 18:05 60121

Алматы әуежайында есірткіге еліткен ұшқыш ұсталды

Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың баспасөз қызметінен Air Astana сілтеме жасай отырып.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді", - деді Air Astana.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны