14.05.2024, 12:29 25636

Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде жасөспірімнің денесі табылды

Қылмыстық іс қозғалды
2024 жылғы 13 мамырда Меркі аудандық орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметінен.

Жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жариялануға жатпайды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны