26.03.2024, 18:25 30546

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді
Жетісу облысында прокурорлар кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын.

Алайда, облыстың медициналық мекемелер міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн. теңге көлемінде тиесілі соманы қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген 30 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бизнес сигналдарына жедел ден қою мақсатында Жетісу облысы прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-131-04-44).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны