Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы қаласыныӊ Жетісу ауданында "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" жобасыныӊ шеӊберінде еӊбекке қамту акциясы өтті12.07.2018
Қоғам  12:21
Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today- 12 шілдеде Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры Алматы қаласыныӊ Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қаланыӊ Жетісу ауданында "Айнабұлақ" базарыныӊ алдындағы алаӊда (М.Жұмабаев және М.Мақатаев көшелерініӊ қиылысында) "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" жобасыныӊ шеӊберінде жұмыспен қамту бойынша тұсаукесер науқанын өткізді.

Науқан қорытындысы бойынша үміткерлер жұмыс іздеу бойынша 600 анкета толтырды, олар "Срочно требуются" онлайн-порталында жарияланды.

Бұл ретте еӊбек нарығындағы бар бос жұмыс орындары жөніндегі ақпараттан хабардар жастардыӊ қамтылу деӊгейі шамамен 2000 адамды құрады.

Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық дегеніміз халық көп жиналатын жерлерде, жұмыспен қамтылған жастардыӊ үлес салмағы төмен, жұмыссыз жастар көбірек шоғырланған жерлерде орналасып, өз жұмысын түрлі-түсті шатыр астында жүргізетін, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша септесу қызметін көрсететін өзіндік ерекше көшпелі алаӊ болып табылады. Алматы қаласы бір жыл ішінде жұмыс және оқу іздеп жан-жақтан келген жастардыӊ 20%-ға жуығы шоғырланатын ауқымды мегаполис екені белгілі. Осыған байланысты Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры жастардыӊ аталған санатына олар үшін өзекті орын-жайды таӊдау жолымен тұрақты негізде атаулы көмек көрсетіп келеді.

Бұл іс-шараға Алматы қаласыныӊ Халықты жұмыспен қамту орталығыныӊ өкілдері шақырылған. Олар жұмыспен қамтуға септігін тигізудіӊ белсенді түрлеріне қатысуға бағдар берді. Сондай-ақ, "Срочно требуются" газетініӊ қызметкерлері бос жұмыс орындарыныӊ тізімін ұсынды. Бұған қоса жұмыс іздеушілер анкета толтыру мүмкіндігіне ие болып, олар кейін "Срочно требуются" онлайн-порталында жарияланды.

Бұдан бөлек, "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" науқаны кезінде ақыл-кеӊес беру орталығы жұмыс істеп, онда кәсіби білікті психолог еӊбекке қамту бойынша ниет білдірушілерге тегін ақыл-кеӊес, кәсіп таӊдау бойынша нұсқау беріп қана қоймай, түйіндемені сәтті жазу қағидаты және жұмысқа орналасқан кезде жинау қажет болатын құжаттардыӊ жинағы жөнінде әӊгімелеп берді.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 2991

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter