Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы оқушылары "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауда бақ сынайды17.05.2018
Қоғам  20:48
Алматы. 17 мамыр Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мектеп оқушылары (6-10 сынып) арасында "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы өтеді.

Байқау 5-15 қыркүйек аралығында аудандық деӊгейде және 28 қыркүйекте қалалық деӊгейде (мәре) ұйымдастырылады.

Байқауда қатысушылар "Алпамыс батыр" жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердіӊ мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнініӊ оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Шараныӊ басты мақсаты:

- балалар арасында кітап оқуды, оныӊ ішінде қазақ халқыныӊ батырлық эпостарын насихаттау;

- өскелеӊ ұрпақтыӊ шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- балаларды халық поэзиясына, қазақ халқыныӊ рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;

-дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;

Байқау жеӊімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

І орын (біреу) - 1 500 000 теӊге;

ІІ орын (біреу) - 1 000 000 теӊге;

ІІІ орын (біреу) - 500 000 теӊге.

Ал, осы жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі.

І орын (біреу) - 3 ай;

ІІ орын (біреу) - 2 ай;

ІІІ орын (біреу) - 1 ай.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 6083

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter