Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда ақындар айтысы өтеді16.05.2018
Қоғам  20:38
Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - Алматыда ертеӊ "№1 оқушылар үйінде" "Айтыс - сөздiӊ майданы" атты ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, іс-шараныӊ мақсаты оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздіӊ және мемлекеттік тілдіӊ қолданылу аясын кеӊейту, айтыс өнерініӊ суырыпсалмалық қасиетін насихаттау болып табылады.

Жас таланттыӊ бойындағы өнердіӊ көзін ашып, дарынды оқушыларды қолдау, олардыӊ шығармашылығын дамыту, поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетініӊ рөлін, сөз құдіретін сезіне білуге үйрету, қазақ сөз өнеріндегі сөзтапқыштық пен ой ұшқырлығын жетілдіру мақсатында өтетін ақындар айтысы екі айналымнан тұрады.

Бірінші айналым - Тақырыптық айтыс-тақырып жеребе арқылы белгіленеді. Айтыскерлер жеребе арқылы алған тақырып төӊірегінде өз ойын ортаға сала отырып, тапқырлық, суырыпсалмалық, алғырлық қасиеттерін ашады. Берілген тақырыпты арқау ете отырып, қоғамдағы мәселелермен, ел мүддесімен ұштастыра білу шеберлігі сыналады.

Екінші айналым - Шешуші айтыс-бірінші айналымнан өткен ақындар сайысқа түседі.

Айтысқа қатысушылардыӊ тақырыпты кеӊ көлемде жан-жақты қамтып, қарсыласыныӊ қойған сауалына жауап қайтара отырып, батыл, еркін айтысуы, ойыныӊ дәлдігі, көркемдігі, ұтқырлығы сынға түседі.

Айтысқа төрелік ететін әділқазылар алқасыныӊ құрамы: А. Дүйсенбі - ақын, ф.ғ.к, PhD докторы, С. Дәрібаев - ф.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУніӊ доценті, М. А. Сейтасқаров - с.ғ.к., Наурызбай ауданы "Ұстаз" кәсіподақ ұйымыныӊ төрағасы.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Білім басқармасыныӊ "№1 Оқушылар үйі" МКҚК, Федченко көшесі, 2б. Уақыты: 2018 жылдыӊ 17 мамыры күні сағат 10.00-да.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 2747

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter