Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыға Almaty Film Festival қонақтары мен қатысушылары келе бастады14.09.2018
Қоғам  19:02
Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыға Қала күні аясында өткізілетін Almaty Film Festival қонақтары мен қатысушылары келе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, Алматыда 15 пен 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігініӊ бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі өтеді.

Almaty Film Festival іс-шарасыныӊ басты байқауыныӊ әділ қазылар алқасын Сергей Бодров басқаратын болады, ол Алматыға келіп қаланыӊ көркімен тәнті болып үлгерді.

"Мен Алматыны көптен бері білемін және оны ұнатамын. Өзімніӊ алғашқы фильмдерімді осы жерде түсіре бастаған болатынмын және осы орайда айта кетейін, кейінгі жылдары қала зор қарқынмен өзгеріп келеді. Алматы - келешектіӊ қаласы және ол уақытпен иық тірестіре ілгерілеп келеді. Бірақ бір өзгермейтін нәрсе бар, ол - қалалықтардыӊ қонақжайлығы. Достарымныӊ барлығы да жомарттықтан, қонақжайлықтан, жарқындықтан және әрдайым қолұшын беруге дайын елгезек қалпында қалып отыр. Мұндайды қалай ұмытуға болады! Қалада көптеген фестивальдер өткізіліп жатқаны нұр үстіне нұр, мен оған қуаныштымын", - деді Сергей Бодров.

Кинофестивальдіӊ қазылар алқасы құрамында Гүлнәр Сәрсенова ("Айка" фильмініӊ продюсері), француздық продюсер Пьер Спенглер ("Супермен", "Үш мушкетер", "Андэграунд"), режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински (1981 жылғы "Алтын глобус" сыйақысыныӊ иегері , "Cesar" сыйақысыныӊ бірнеше мәрте номинанты), француздық продюсер Марк Рускар бар. Сонымен қатар кинофестивальге оӊтүстікореялық режиссёр Ким Ки Дук ( Венециан кинофестивалініӊ "Алтын арыстан" иегері), америкалық кинорежиссер Роберт Минкофф ("Король Лев"), продюсер Алексей Петрухин және басқалары бар. Кинофестиваль қонақтары ішінде қазақстандық актерлер - Самал Еслямова, Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сәдуақасова, Құралай Анарбекова, Динара Бақтыбаева, Берік Айтжанов, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Максим Акбаров, Фархад Әбдраимов, Айдархан Әділбаев, Асқар Ұзабаев, Әлішер Утев, Данияр Ибрагимов, Серік Әбішев, Айдар Баталов, Қанағат Мұстафин, Нұртас Адамбай, Асқар Бисембин, Нұрлан Қоянбаев бар.

Басты байқаудыӊ тақырыбы - мәдениеттердіӊ жақындастығы. Онда 2 және одан көп елдер түсірген 2018 жылғы кинотуындылар көрсетіледі. Сонымен қатар, еске сала кетейік, мерекелік демалыс күндерінде Алматыда "Almaty garden show" бақшалар фестивалі, қалалық дәстүрлі "ALMA Fest" алма фестивалі, Muzzone Dance Party, мото фристайл "Red bull FMX JAMS", "Junior Eurovision" жобасы және т.б.өтеді.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 3829

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter