Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматы қаласында "Даму Оптима" бағдарламасы бойынша 5 кепілдеме шартына қол қойылды16.05.2018
  • Фото: Matritca.kz
Экономика  20:45
Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта Даму Оптима бағдарламасы бойынша 5 кепілдеме шартына қол қойылды, кепілдеме сомасы 97 млн.тг құрады. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Даму" КДҚ Алматы қаласы филиалы директорыныӊ орынбасары Едіге Марғұлан айтты.

Едіге Марғұланныӊ сөзіне сүйенсек, өткен жылдыӊ екінші онкүндігінен бастап, тағы бір мемлекеттік бағдарлама - "Еӊбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырыла бастады. Қор қалалық аймақтарда шағын бизнестегі кәсіпкерлерді несиелеу операторы болып табылады.

Бұл бағдарлама бойынша шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге несие 6 % мөлшерлемесімен беріледі, мерзімі 5 жылға дейін салалар бойынша шектеусіз. Бір кәсіпкер үшін еӊ жоғарғы шектеу 8000 АЕК құрайды. Егер кепілдік төлем жеткіліксіз болса, Қор несие сомасынан 85%-ға дейін кепілдеме қолдауын бере алады.

Сонымен бірге, шағын несие ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлердіӊ жобаларын қоспағанда, жобалары сауда-саттық саласында айналым қаражатын толтыруға бағытталған 45.20 және 45.40 кластарында көзделген автокөлік құралдары мен мотоциклдерді техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қоспағанда ЭҚЖС "көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу" G секциясы) кәсіпкерлер бағдарламаныӊ қатысушылары бола алмайды.

Ісін енді бастаған кәсіпкерлер үшін міндетті түрде кәсіпкерліктіӊ негізіне оқыту дәрістерінен өтуі тиіс.

Сол үшін, Даму қоры қашықтықтан оқыту "онлайн оқу" бағдарламасын әзірледі.

Онлайн оқудық артықшылығы: оқуды сіз кез келген қолайлы уақытта өте аласыз, сертификаттыӊ болуы, бұл 6%-дық қаржыландыруға өтініш бергенде қажетті құжат.

Ол үшін edu.damu.kz сайтында тіркелу керек және оқыту дәрісінен өтіп сертификат алу керек.

Бағдарлама бойынша бастаушы және жұмыс істеуші кәсіпкерлер жұмысқа орналасу орталығынан банкке жолдама алу керек болды, еӊгізілген өзгерістерге сәйкес енді ағымдағы жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер тікелей банкке жүгінеді, - деп хабарлады Едіге Марғұлан.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 3960

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter