Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
Алматыда мешітке келуші жамағат Қала күнін тойлайды14.09.2018
Спорт  19:06
Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Асыл мұра" бағдарламасы аясында Қала күні мерекесіне орай спорттық шара өткізіледі, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл спорттық шара осы жұма, қыркүйектіӊ 14-і күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ алаӊында (әл-Фараби-73 даӊғылы) өтеді. Басталуы сағат 14:00-де.

Кез келген қала қонақтары мен осы мешітке келуші жамағаттар арасында спорттық және елімізіӊ эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылады.

Сонымен қатар, кез келген келуші қошқар көтеру, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, қазақкүресі, ләӊгі тебу сынды спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Сондай-ақ, мешітке келушілерге арналған мерекелік дастархан жайылады.

Айта кетер жайт, "Асыл мұра" қаладағы мешіттерге келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздыӊ футбол алаӊдарында күнтізбеге сәйкес футбол лигасы өтуде. Оған барлық мешітке келуші жамағат қатыса алады. Жарыстын жалпы жүлде қоры 1 млн. теӊге.

Ақпаратты пайдаланан жадайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық ққық.
Просмотров: 5945

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter