03.02.2021, 19:36 17775

ҚР-да "көлеңкелі" экономика деңгейі ЖІӨ-ге шаққанда 27% - дан 23,6% - ға дейін төмендеді

Комитеттің басым мақсаты көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-ге шаққанда 15-17% төмендету болып белгіленді.
Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ҚР-дағы көлеңкелі экономика деңгейінің ЖІӨ-ге шаққанда 27% - дан 23,6% - ға дейін төмендегені туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
 
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде қабылданған шаралар оны ЖІӨ-ге шаққанда 27%-тен 23,6%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бірақ комитеттің басым мақсаты көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-ге шаққанда 15-17% төмендету болып белгіленді.
 

Біз көлеңкелі айналымдармен күресте басты құралға айналған тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құрдық. Салық декларацияларының 99%-і және кедендік декларациялардың 100%-і қашықтан ұсынылады. Импорт/экспортты ресімдеу бойынша қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды. "Электрондық шот-фактуралар. Сондай-ақ, жекелеген тауар позициялары бойынша "Виртуалды қойма" модулі енгізілді, ол тауарлардың қоймалық есебін онлайн режимде - контрагенттермен жасалған мәмілелерді көруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті комитет басшысы.

 
Электрондық шот-фактураларда барлығы 505 мың пайдаланушы тіркелген және 558 млн астам ЭШФ өңделген. 2020 жылы қосымша түсімдер сомасы 149 млрд теңгені құрады. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың арқасында мүмкін болды.
 
Сұлтанғазиев жүйенің машиналық оқыту мүмкіндігі бар үлкен деректерді талдау және зияткерлік талдау құралдарына ие екендігін түсіндірді. Жалпы алғанда, тәуекелдердің 86 түрлі моделі құрылды, 12 млрд астам цифрлық құжаттар өңделді, бұл қосымша 320 млрд теңгені қамтамасыз етті.
 
Импорт кезінде ТБЖ тиімділігі 73% құрады, 53,5 мың бұзушылық анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі – 51%.
 

Инспекциялық-тексеру жабдығы (ИТЖ) бар өткізу пункттерінде кедендік операцияларды мониторингтеу үшін құрылған "ахуалдық орталық" табысты жұмыс істеуде. Рентген-түсірілімдерді талдау бойынша жасанды интеллект енгізу жоспарлануда. Кедендік құнды бақылауды барынша орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерінің логистикасына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру мақсатында "электрондық декларациялау орталығы" құрылды. Бұл жаңашылдықтардың тиімділігі 25 млрд. теңгеден асты", - деп атап өтті комитет басшысы.

 
Ең бастысы, кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту есебінен кедендік статистика бойынша ҚХР-дан алшақтық 2017 жылғы 60%-тен 2020 жылы 45%-ке дейін қысқартылды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны