12.12.2019, 13:09 31257

Пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл туралы көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы парламентке ұсынылды

Конвенция ЭЫДҰ шеңберінде әзірленді, Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 25 маусымда қол қойды. G 20-ға қатысушы елдер, қатысушы елдер арасындағы келісімдерге бір уақытта салық төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимылға бағытталған өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін бірыңғай көпжақты құжат әзірлеуге уағдаласты.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге бағытталған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл туралы көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынды.

Конвенция ЭЫДҰ шеңберінде әзірленді, Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 25 маусымда қол қойды. G 20-ға қатысушы елдер, қатысушы елдер арасындағы келісімдерге бір уақытта салық төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимылға бағытталған өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін бірыңғай көпжақты құжат әзірлеуге уағдаласты.

Конвенция қосарланған салық салуды болдырмау туралы мемлекетаралық келісімдерді теріс пайдалауға қарсы іс-қимылға бағытталған, нәтижесінде ұйымдардың пайдасы салық салынбайтын немесе төмендетілген салық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын мемлекетте жасанды түрде араласады, бұл мемлекеттік бюджетке айтарлықтай шығын әкеледі.

Сонымен бірге, конвенцияны Қазақстан Республикасы жасасқан, қосарланған салық салуды болдырмау туралы 54 қолданыстағы мемлекетаралық келісімге, әрбір осындай келісім бойынша екіжақты келіссөздер жүргізбестен қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте екі тарап та Көпжақты конвенцияға қосылған, екіжақты салық конвенциялары ғана Көпжақты конвенцияның пәні болады.

Көпжақты конвенцияда қарастырылған негізгі өзгерістер:

- заңды тұлғалардың қос резиденттік мәселесін шешу тәртібі айтылған (Конвенцияның 4-бабы);

- кіріспе мәтіні екі мемлекетте де, атап айтқанда кіріс көзі болатын мемлекетте және кіріс алушы резиденті болатын мемлекетте кірістерді салық салудан босату мүмкіндігін жою бөлігінде толықтырылды (Конвенцияның 6-бабы);

- дивидендтер бойынша кіріс болғанға дейін жыл ішінде жеңілдіктерді алу үшін белгіленген шарттардың сәйкес болу қажеттілігі туралы талап белгіленді (Конвенцияның 8-бабы);

- келісімшарттарды бөлу, агенттік/комиссиялық келісімдерді, жекелеген қызмет түрлері үшін арнайы ерекшеліктерді пайдалану арқылы тұрақты өкілдік мәртебесін заңсыз болдырмаудың жолын кесуге бағытталған ережелер енгізілді (Конвенцияның 12, 13, 14-баптары);

- салық даулары бойынша шешімдер шығарудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, өзара келісу рәсімі жетілдірілді (Конвенцияның 16-бабы).

Сонымен қатар, Конвенция салық келісімдерінің ережелерін теріс пайдаланудың алдын алу туралы ережені бекітеді. Қосарланған салық салуды болдырмау туралы барлық келісімдердің жалпы идеясы бар. Яғни, келісім, егер мәміле іскерлік мақсаттарды көздеген жағдайда және тек пайда алуды көздемеген жағдайда ғана қолданылуы керек деген жалпы ерже орындалады. Егер салық органдарында жеңілдіктер алу мәміленің басты мақсаты деп санауға негіз болса, онда бұл жеңілдетілген салық режимін қолданбауға негіз болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны