01.11.2020, 17:02 24327

Маңғыстау облысында Тұщықұдық-Шебір автожолы пайдалануға берілді

Тамыз айында ұзындығы 97 шақырым болатын "Ата жолы" жобасының ауқымды құрылысы аяқталды. Ол-өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бір қадам.

Алматы. 1 қараша. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында Тұщықұдық-Шебір автожолы пайдалануға берілді.

Маңғыстау ауданы Тұщықұдық пен Шебір арасын жалғайтын автожолдың құрылысы аяқталды. Енді Маңғыстау ауданының тұрғындары ешбір қиынддықсыз, жаңа жолмен қатынайтын болады. Тұщықұдық-Шебір аралығындағы 13 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Жоба бойынша автокөлік жолының негізі цемент қосындылы топырақпен төселініп оның үстіне қорғаныш қабаты (ШПО) төселінген болатын.

Жол жөндеуді жауапкершілігін алған мердігер мекеме кезінде кеткен олқылықтардың орнын толтырып, өз қаражаты есебінен 13 шақырым жолды асфальттап, жұмыстарын толық орындады.

Жол - экономиканың күретамыры, дамудың маңызды бағыттарының бірі екені анық.

Өңірде соңғы үш жылда 368,3 шақырым автомобиль жолы салынып, 306,6 шақырымы жөнделіп, жаңғыртылды.

Жалпы, облыс бойынша барлық жолдардың ұзындығы 2 948 шақырымды құрайды. Олардың 1020-сы республикалық маңызға ие.

Тамыз айында ұзындығы 97 шақырым болатын "Ата жолы" жобасының ауқымды құрылысы аяқталды. Ол-өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бір қадам.

Қазіргі уақытта теңізді жағалай салынған демалыс орындарына қарай және "Құрық" портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жол 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейтілуде. Жалпы ұзындығы - 27 шақырымды құрайтын автомобиль жолының 15,6 шақырымына асфальт жабындысы мен тратуар, веложолақ төселді және жарық шамдары орнатылды.

Алдағы уақытта ұзындығы 23,15 шақырым болатын Ақтау - әуежай жолын кеңейту жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны