22.05.2020, 21:45 6603

"Самұрық-Энерго" АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады

- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар - 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар - 36 млн. теңге;

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады. Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc-шаралар "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің "Самұрық-Қазына" АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазынаның" құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында - өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту.

Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды. Мыналар оңтайландырылды:

- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;

- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар - 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар - 36 млн. теңге;

- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.

Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.

Тұтас алғанда, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны