11.02.2016, 13:01 3236

10 жыл iшiнде БАИ-дан Қазақстанға тартылған инвестициялардыӊ жалпы көлемi 2 млрд долларды құрады

10 жыл iшiнде БАИ-дан Қазақстанға тартылған инвестициялардыӊ жалпы көлемi 2 млрд долларды құрады..Бұл туралы бүгiн Ақордада Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Ибдiқалықова мен Қазақстандағы Бiрiккен Араб Имiрлiктерiнiӊ Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Сухейл Матар әл-Кетбимен өткен кездесу барысында мәлiм болды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 10 жыл iшiнде БАИ-дан Қазақстанға тартылған инвестициялардыӊ жалпы көлемi 2 млрд долларды құрады..Бұл туралы бүгiн Ақордада Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Ибдiқалықова мен Қазақстандағы Бiрiккен Араб Имiрлiктерiнiӊ Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Сухейл Матар әл-Кетбимен өткен кездесу барысында мәлiм болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекеттiк хатшы Қазақстанда "ЭКСПО-2017" көрмесiнiӊ тұғырнамасында құрылған "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ Дубай Халықаралық Қаржы Орталығыныӊ тәжiрибесiн бойына сiӊiретiнiн назарға алды. Сондай-ақ, "Астана" ХҚО Қазақстанныӊ қаржылық инфрақұрылымыныӊ өзегiне, бүкiл Орталық Азия өӊiрiндегi iрi iскерлiк хабына айналуы тиiс дедi, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Атап өтсек, өткен 10 жыл iшiнде БАИ-ден тартылған инвестициялардыӊ жалпы көлемi 2 млрд долларды құрады. Бiрiккен Араб Имiрлiктерi Қазақстанмен тауар айналымы бойынша Шығанақтағы араб елдерiнiӊ арасында 1-шi орында тұр.

2015 жылғы қаӊтар-қараша аралығында Қазақстан мен БАИ арасындағы тауар айналымы 97 млн долларды құрады. Қазақстанда туризм, көлiк-экспедициялық сервис, тұтынушыларға қызмет көрсету салаларында Имiрлiктер капиталы қатысып отырған 50 кәсiпорын тiркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны