27.07.2018, 16:25 4518

1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеӊесініӊ отырысы өтеді

Бұған қоса барлық қатысушылар "Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты өсуге арналған жаӊа сын-тегеуріндер" тақырыбында өтетін конференция жұмысына шақырылды. Аталмыш шара Дүниежүзілік мұнай кеӊесі аясында 2 қазан күні өтеді.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - "Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаӊа шешімдер" атты брифинг Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге арналды.

26 шілде күні Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастықтары "Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаӊа шешімдер" атты бірлескен брифинг өткізді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментініӊ директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығыныӊ бас директоры Исет Мағауов, KAZENERGY төрағасыныӊ кеӊесшісі Арман Сәтімов және KAZENERGY қауымдастығыныӊ Халықаралық ынтымақтастығы бойынша ақтарушы директор Талғат Қарашев қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ бен энергетика саласындағы ағымдағы ахуал жайы, KAZENERGY қауымдастығыныӊ қызметі, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу, сонымен қатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оныӊ ішінде: KAZENERGYЕуразиялық XII форумы және Дүниежүзілік Мұнай кеӊесі отырысы (1-3 қазан, 2018 ж.) талқыланды. Өз сөзінде Исет Мағауов жаӊа инвестициялар тартуда икемді әрі еӊ бастысы тартымды жағдай құрудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушыларына заӊнамалық базаны оӊтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс жайында айтты, оныӊ нәтижесінде Жер қойнауын пайдалану туралы жаӊа кодекс пен жаӊа Салық кодексі құрылды.

Сонымен қатар ары қарайғы талқылауда Исет Мағауов алдағы уақытта жаӊа Экологиялық кодексті әзірлеуді қамтитын маӊызды бастамалар және мұнай өнімдері нарығын ынталандыру бойыша шаралар туралы сөз қозғады.

KAZENERGY қауымдастығыныӊ халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуы және халықаралық іс-шараларды өткізу туралы баяндаманы Қауымдастықтыӊ атқарушы директоры Талғат Қарашев жасады. Оныӊ айтуынша 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеӊесініӊ отырысы өтеді, оған Дүниежүзілік мұнай кеӊеске мүше мемлекеттердіӊ ұлттық комитеттері делегациялары басшылары қатысады.

Бұған қоса барлық қатысушылар "Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты өсуге арналған жаӊа сын-тегеуріндер" тақырыбында өтетін конференция жұмысына шақырылды. Аталмыш шара Дүниежүзілік мұнай кеӊесі аясында 2 қазан күні өтеді. Бұл конференция ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығымен ұйымдастырылады. Қарашевтыӊ айтуынша, халықаралық конференция халықаралық қоғамдастықтыӊ назарын аударуға және Қазақстанныӊ мұнай-газ және энергетикалық салаларыныӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

KAZENERGY төрағасыныӊ кеӊесшісі Арман Сәтімов өз кезегінде Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердіӊ сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдар корпустарымен ынтымақтастықты KAZENERGY Ғылыми-техникалық Кеӊесі базасында дамытуды ұсынды. Оныӊ айтуынша бұл жұмыс мемлекеттер араындағы тауар айналымды арттарды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сұрақтар қойып толымды жауап алды, мемлекеттер арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту жайы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны