04.03.2019, 23:49 13681

Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн. теңгеге дейін өсті

Бағдарлама басталғаннан бері Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелік қаражаттың көмегімен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

Астана. 4 наурыз. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жүзеге асырып жатқан "Ырыс" бағдарламасы бойынша сүтті мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн. теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге қажетті айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік бар.

Ақпан айында Қор "Ырыс" бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын өзгертуге шешім қабылдады.

-Әлеуетті қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейін көтерілді, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ несие департаментінің директоры Геррард Бааль. - Сонымен қатар, несие мерзімі 12 жылға дейін ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берілетін. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% құрайды, жылына 10% мемлекет субсидияланады. Тиімді мөлшерлеме жылына 6,4%-дан басталады.

Бұдан басқа, "Ырыс" бағдарламасының кепілдікпен қамту талаптары өзгерді. Бұрын кепілдікке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі қойылатын болса, қазір кепілге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлік - мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Кепілдік құрылымы келесідей болуы мүмкін: 25 %-на дейін қолданыстағы жылжымайтын мүлік ұсынылуы тиіс. Қалғаны - несиелік қаражаттан сатып алатын мүлікпен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бағдарлама басталғаннан бері Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелік қаражаттың көмегімен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

"Ырыс" бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тікелей желі бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегін). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - "ҚазАгро" холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі міндеті - ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны