22.05.2020, 21:46 6514

157 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына - 11,6 мың, жастар практикасына - 9,7 мың, қоғамдық жұмыстарға - 43 мың адам.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - 157 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 157,5 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 118,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 58,2 мыңы - тұрақты жұмысқа орналастырылды.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысқан азаматтардың ішінде 110,7 мың адам (70,3%) - жұмыссыздар, 0,9 мың адам (6,9%) - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына - 11,6 мың, жастар практикасына - 9,7 мың, қоғамдық жұмыстарға - 43 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс күші мол оңтүстік өңірлерден 631 отбасы құрамында 2 224 адам қоныс аударды.

Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) ұйымдарында 52,5 мың адам оқуын жалғастыруда, олар стипендиямен, бір рет ыстық тамақпен және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы ТжКБ жүйесінде 21 мың адамды оқумен қамту жоспарлануда.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 676 адам жіберілді, жыл соңына дейін осы шарамен 18,8 мың адамды қамту жоспарлануда.

Жыл басынан бері Мемлекеттік бағдарлама аясында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 6 млрд. теңгеге 1 164 микрокредит берілді, оның 3,67 млрд. теңгесіне 971 ауыл кәсіпкері үшін микрокредит берілді, олар 1 061 жұмыс орнын құрған.

2020 жылға жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде кредит беруге арналған қаржыландырудың алдын ала көлемі 54,2 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 79,9%-ы (43,3 млрд. теңге) ауылдық жерлерге және 20,1%-ы (10,9 млрд. теңге) қалаларға келеді. 13 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда, оның 11 мыңын - ауылда.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 23,5 мың мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 мамырына 1,7 мың мемлекеттік грант берілді.

Бұдан басқа, 30 мың адам "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны