08.05.2020, 16:03 7389

16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады

16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Төтенше жағдай (бұдан әрі - ТЖ) кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) екінші төлемге оны тағайындауға ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады.

Төтенше жағдай режимі ағымдағы жылғы 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны