07.12.2015, 16:40 4088

180 мыӊға жуық қазақстандық биыл газбен қамтамасыз етілді - ҚР ЭМ

Ағымдағы жылы 180 мыӊға жуық қазақстандық газбен қамтылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы 180 мыӊға жуық қазақстандық газбен қамтылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Биылғы жылы 180 мыӊға жуық қазақстандық газға қол жеткізді", - деді М.Мырзағалиев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, оныӊ айтуынша, "ҚазТрансГаз" ұлттық операторыныӊ қаражаты есебінен Батыс Қазақтан, Қостанай, Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарыныӊ 18 елді мекені газбен қамтылды.

"2016-2018 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен Ақтөбе, БҚО мен ОҚО, Қостанай облыстарыныӊ 66 аймағын газбен қамту жоспарланған. Бұл тағы 160 мыӊ адамды құрайды. 2016-2020 жылдары өӊірлерді газдандыру ұлттық оператордыӊ есебінен жүзеге асады. Бұл Ақтөбен, Маӊғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстаноблыстарындағы 14 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, тағы 270 мыӊ адам ұлттық оператордыӊ жұмысыныӊ арқасында көгілдір отынға қолжетімді болмақ", - деді вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны