Система Orphus

Қазақстанда пойыздармен шамамен 18 млн. жолаушы тасымалданды

11.02.2019, 19:40 5698

Ақтау. 11 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында 2018 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды және 2019 жылдағы міндеттер айқындалды.

2018 жылдың өндірістік қызметінің негізгі параметрлері бойынша жыл оң нәтижемен аяқталды. 283 млн. тонна жүк тасымалданса, бұл 2017 жылғыдан 11 млн. тоннаға артық. Транзит 10% көбейіп, 17 млн. тоннадан асты. Пойыздармен шамамен 18 млн. жолаушы тасымалданды. 1000 км теміржол желісі тартылса, соның ішінде 867 км күрделі жөндеуден өткізілді.

Бұл ретте жылдың қорытындысы бойынша теріс қаржылық нәтижені қарыздық ауыртпалықтар тудырды. Осыған байланысты әрбір басшының жеке жауапкершілігін арттыру, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, шығындарды оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралар қабылдануда.

Компания жұмысындағы негізгі басымдық қозғалыс қауіпсізіді мен инфрақұрылымдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Бұл екі сегмент, инвестициядан өзге, өзгеріп жатқан жағдайға бейімделеді және үнемі назар аударуды талап етеді.

Бұл ретте өндірісте нөлдік жарақатқа қол жеткізу, еңбек жағдайы қауіпсіздігі, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып келеді.

Кеңес отырысында сондай-ақ 2019 жылға арналған транзитті дамыту және тасымал көлемін арттыру міндеттері тағы бір пысықталды. Алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін ұйымдастыру құрылымдарын жеңілдету, тариф саясатын, реттеу ортасын өзгерту жөніндегі және даму стратегиясын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымында тек негізгі жұмыспен байланысы бар салалық компаниялар ғана қалады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны

Серіктестердің жаңалықтары