08.01.2018, 14:13 2556

18+: Отандық өнімге тағы бір таӊбалау талабы қойылады

Заӊ жобасына сәйкес балаларға берілетін ақпаратты реттеу мақсатында ақпарат таратушы ақпараттық өнімге міндетті түрде жас ерекшелігін (ары қарай таӊбалау) көрсетеді. Былайша айтқанда, Қазақстан Республикасында ақпараттық өнімніӊ жас ерекшелігі белгісі салынбай ақпараттық өнім таратылмайды.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today -4 қаӊтарда ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобыныӊ мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке тұлғаларға ақпараттық өнім талдауын жүргізуге куәлік беру аккредитациясын енгізу мәселесін талқылады.

Аталған мәселе Мәжіліс депутаттары бастаған ""Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" және "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобаларынан туындайды. Заӊ жобасымен танысуға болады.

Кәсіпкерлік кодекстіӊ талабына сәйкес жаӊа реттеу құралын енгізу реттеушілік әсеріне талдау жүргізуді талап етеді, осыған орай Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Сараптау тобыныӊ қарауына реттеушілік әсеріне талдау жүргізуді шығарды.

Жеке тұлғаларды олардыӊ ақпараттық өнімге талдау жүргізуіне куәлік беру үшін аккредиттеуді енгізудіӊ пайдалылық мәселесі осы талдау мақсатына айналды.

Заӊ жобасына сәйкес балаларға берілетін ақпаратты реттеу мақсатында ақпарат таратушы ақпараттық өнімге міндетті түрде жас ерекшелігін (ары қарай таӊбалау) көрсетеді. Былайша айтқанда, Қазақстан Республикасында ақпараттық өнімніӊ жас ерекшелігі белгісі салынбай ақпараттық өнім таратылмайды.

Бастапқыда бұл таӊбалауды өндірушілердіӊ өздері жүргізеді деген еді, себебі дәл солар өз өнімдері қандай жасқа арналғанын жақсы біледі әрі түсінеді.

Енді мемлекеттік органдар кәсіпкерлер есебінен қандай да бір бағалау (талдау) жүргізетін сарапшылар тобын құруды ұсынып отыр. Заӊ жобасына сәйкес ақпараттық өнімге БАҚ-тыӊ барлық өнімі, сондай-ақ адамдардыӊ шектеусіз тобына арналған қандай да бір аудио-визуалды және (немесе) баспа өнімі жататыны маӊызды. Осылайша, өндіруші-кәсіпкерлер шығаратын және импорттайтын барлық өнім сарапшылардыӊ талдауынан өтуі керек, оныӊ үстіне ереже әлі дайындалмаған әрі сарапшылар да белгісіз.

Мұндай жаӊалыққа "Атамекен" сарапшылары мен жалпы кәсіпкерлердіӊ қоятын сауалдары бар.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жас шектеліміне қарай таӊбалау қажет те шығар, мұны халықаралық тәжірибе де растайды, алайда, бұл процесс түсінікті де нақты ережелермен, сол өнімді өндіретін және импорттайтын субъектілердіӊ өз күштерімен барынша ашық жүргізілуі керек.

"Тиісінше, ережесі мен критерийлерін бизнеспен ашық талқылауға дейін таӊбалауды енгізу ерте деп есептеймін. Ал талдау енгізу мен сарапшыларды аккредиттеу тіпті қолайсыз. Бұл жаӊашылдықтыӊ бәрі, сөзсіз, бизнеске қосымша қаржылай ауыртпалық түсіреді, оныӊ үстіне мемлекеттік орган реттеушілік әсерін талдау талап ететіндей ақша бөлген жоқ", - деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Заӊнама және өзін-өзі басқаруды дамыту департаментініӊ директоры, Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптау тобыныӊ мүшесі Айжан Бижанова.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер мен қауымдастықтардан осы мәселеге көӊіл бөліп, өз ұсыныстарын беруін сұрайын.

Барлық сауалдар мен ұсыныстарды [email protected] почтасына жолдау керек немесе 8 (7172) 919 327 телефонына хабарласыӊыздар.

Сонымен қатар "Атамекен" жауапты мемлекеттік органныӊ таӊбалауға жататын ақпараттық өнімніӊ толық тізіміне қатысты нақты түсініктеме беруін сұрайды. Сондай-ақ тиісті Ереже жобасын ашық жариялауды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны