17.06.2014, 20:09 2925

19 маусымда NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы ашылады

"Инновациялық автобус" маусымның 23 мен шілденің 16 аралығында республиканың барлық өңірін аралап шығады. Қызықты, әрі перспективасы бар бизнес идеялардың авторлары облыс орталықтарына келіп конкурсқа құжат тапсыруға мүмкіндіктері бар, деп "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ хабарлады.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. 19 маусымда Қазақстанда инновациялық қызметті ынталандыру мен белсенділікті арттыруға бағытталған жыл сайынғы NIF$50K Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы басталады.

"Инновациялық автобус" маусымның 23 мен шілденің 16 аралығында республиканың барлық өңірін аралап шығады. Қызықты, әрі перспективасы бар бизнес идеялардың авторлары облыс орталықтарына келіп конкурсқа құжат тапсыруға мүмкіндіктері бар, деп "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ хабарлады.

Байқауға жобаларын ақпараттық қолдау, қаржыландыру тұрғысынан қиыншылықтар көріп жүрген, олардың іске асуына мүдделі идеяны дайындаушылар және оның иелері (жеке тұлғалар) қатыса алады. Іріктеу кезінде жобаның жаңашылдығы және инновациялылығына,тәжірибелік нұсқасының болуы, коммерциялық әлеуеті мен іске асыру мүмкіндігі, өзектілігіне назар аударылады.

NIF$50K конкурсына қатысу бойынша жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында ақпарат алуға болады. Өтінімдер үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін осы орталықтарда және www.natd.gov.kz сайтында онлайн қабылданады.

Байқау шартына сәйкес, келіп түскен барлық өтініштен 15 үздік жоба таңдалып алынады. Бұл жобалардың авторлары бірден телешоу қатысушысы атанады. Ал, өз тарапынан, ұйымдастырушылар аталған жобалардың жүзеге асуына күш салмақ.

Байқау жеңімпазы - 7,5 млн. теңге, ал, 2 және 3 орын иегерлері - 2,5 және 1 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болады.

Өткен жылы NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының бірінші жүлдесін және 7 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай грантты Талдықорған қаласының тұрғыны, "Аймақтардағы су көтергіш құрал" жобасының авторы Мырзахмет Тюлеев жеңіп алды. Су көтергіш бұл құрал электр энергиясын тұтынбай-ақ, өзен жағалауындағы аймақтарды суаруға арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны