05.12.2024, 22:33 65286

1 доллар 600 теңгеге жете ме - Ұлттық банк төрағасы жауап берді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 1 АҚШ доллары 600 теңгеге жетпейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банкте тиісті талдау жасалды. Соның аясында 1 доллар бағамы 600 теңгеге жетеді деп болжап отырған жоқпыз. Бұл ретте бағам қазіргі қалыптасқан деңгейде сақталуы мүмкін. Жаңа ғана тексердім (ресми бағамды), Қазақстан қор биржасында оның деңгейі 523 теңге шамасында", - деді Т. Сүлейменов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Осы орайда ол валюта бағамының өзгеруін нарық анықтайтынын еске салды.

Жоғарыда айтқан болжам келесі жылға қатысты", - деп нақтылады ҰБ басшысы.


Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы - 1 долларға 523,58 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,01 теңге. Еуро - 549,71.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны