14.01.2014, 19:37 5487

1 қаңтардан бастап ҚР-да бала күтіміндегі әйелдерге міндетті зейнетақылық төлемдерді субсидиялау енгізілді

Қосымша міндетті зейнетақы төлемдерін субсидиялау үшін республика бюджетінде 2014-2016 жылдарға 30,6 млрд теңге қарастырылған.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың басынан бастап Қазақстанда бала күтіміндегі әйелдерге міндетті зейнетақылық төлемдерді субсидиялау енгізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты "Илеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын мақұлдады. Заң бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жасқа дейінгі бала күтіміндегі әйелдерге міндетті зейнетақылық төлемдерді субсидиялау енгізілді", - делінген хабарламада.

Аталмыш түр зейнетақылық төлемдердің үзіліп қалмауына мүмкіндік беріп, бала күтіміндегі әйелдердің зейнетақы жинақтарындағы қаражаттық өсуіне жағдай жасайды.

"Міндетті зейнетақылық төлемдерді субсидиялау ай сайын жүзеге асырылады. Ондағы талап зейнетақы субсидиясы негізгі табыстың 10 пайызын құрауы керек. Осы 10 пайыздың 4 пайызы міндетті әлеуметтік кепілдендіру қаражаты есебінен қамсыздандырылса, қалған 6 пайыз бюджеттен қарастырылмақ", - деп нақтыланған хабарламада.

Қосымша міндетті зейнетақы төлемдерін субсидиялау үшін республика бюджетінде 2014-2016 жылдарға 30,6 млрд теңге қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны